2023 жылғы 30 мамырдағы іс-шараларды өткізу туралы ақпарат, “Дүниежүзілік астма және аллергияға қарсы күрес күні”

Дүниежүзілік астма мен аллергияға қарсы күрес күніне орайластырылған “дені сау ұлт” әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде “Қостанай қаласының №2 емханасы” КМК-да “ашық есік күнін”өткізді.  Келесі іс-шаралар өткізілді: емхана, Instagram, Facebook сайтында “астма мен аллергияның алдын алу”туралы ақпарат орналастырылды. Емхананың медицина қызметкерлері халық арасында ақпараттандыру және білімді арттыру бойынша әңгімелесулер, дәрістер және басқа да профилактикалық іс-шаралар өткізді, осы тақырыптарға брошюралар таратылды.

Денсаулық сақтау мектептерінің кураторлары “бронх демікпесі мектебінде” пациенттермен сабақтар өткізді, сондай-ақ куратор аллерголог дәрігер М. Г. Әшімова теледидарда демікпе мен аллергияның алдын алу бойынша ақпаратпен сөз сөйледі.

Емхананың LED мониторларында “астма мен аллергияның алдын алу”тақырыбында бейнероликтер үнемі көрсетіліп тұрды.

“Қостанай қаласының № 2 емханасына” бекітілген мектептерде әңгімелер, спорттық іс-шаралар, сынып сағаттары өткізілді, сондай-ақ денсаулық бұрыштары ресімделді.


Жарияланды: 30.05.202314:58

Автор: