Балаларды қорғау күні

“Қостанай қаласының № 2 Емханасында” Халықаралық балаларды қорғау күні аясында педиатриялық бөлімшенің қызметкерлері бөлімше меңгерушісі А. С. Сарбасованың, ҚРР медбикесі А. О. Беккулованың және “Nerbion” компаниясының медициналық өкілі Л. М. Кининбаеваның қатысуымен балаларға арналған медицина қызметкерлерінен құттықтау бағдарламасын ұйымдастырды.

          Бұл күні емхана залында LED мониторларында тақырыптық бейнероликтер көрсетілді. Медицина қызметкерлері балалардың ата-аналарымен дұрыс тамақтану, ауыз қуысының гигиенасы, қол гигиенасы және т.б. тақырыпта әңгімелер жүргізді.      

Бұл күні емханаға бекітілген мектептерде балаларды қорғау күніне арналған концерт, флэшмоб, спорттық іс-шаралар, анимациялық кейіпкерлермен ойын-сауық ойындары өткізілді.


Жарияланды: 02.06.202314:06

Автор: