“Қатерлі ісіксіз өмір” жиынтық аналитикалық анықтамасы

      ҚР-да онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспар және Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні аясында 2024 жылғы 1-10 ақпан аралығында еліміздің барлық өңірлерінде онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте анықтау бойынша онкүндік өтеді. Онкүндіктің мақсаты – онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте анықтау мәселелерінде халықтың хабардарлығын арттыру, сондай-ақ халықты скринингтік тексеруден уақтылы өту қажеттілігі туралы хабардар ету болып табылады. 

      Қазақстанда қатерлі ісіктерді ерте анықтауға арналған скринингтің 3 түрі бар: жатыр мойны обырының скринингі (30 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер арасында 4 жылда 1 рет цитологиялық зерттеуге жағынды алу жолымен жүргізіледі); сүт безі обырының скринингі (40 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер арасында 2 жылда 1 рет жүргізіледі маммография жүргізу арқылы); тоқ ішек қатерлі ісігінің скринингі (50 жастан 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер арасында нәжістегі жасырын қанды анықтау арқылы 2 жылда 1 рет жүргізіледі). Көрсетілген скринингтер тіркелген жері бойынша емханада тегін негізде жүргізіледі.

      06.02.2023 ж. емханада Қостанай онкологиялық көпсалалы ауруханасының онкологымен бірлесіп дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Ісік аурулары бар науқастарға көмек көрсетудің маңызды аспектілері талқыланды. Диагностика, емдеу және паллиативті күтім мүмкіндіктері . Емханада және ЭРОБ – да барлығы 918 адам есепте тұр. 2023 жылы 151 адам анықталды.

       Онкүндіктің іс-шаралары бұқаралық ақпарат құралдарында да жарияланды. “Қазақстан-Қостанай” телеарнасы пациенттерге қатерлі ісік туралы хабардар болу мәселелері бойынша сауалнама жүргізді. Арна тілшісінің сұрақтарына алдын алу бөлімшесінің меңгерушісі Г. Д. Нұртазенова жауап берді . Онкологиялық сақтық емханада қабылдаудың барлық кезеңдерінде жүргізіледі. Емханада сайтта, әлеуметтік желілерде онкологияның алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мен іс-шаралар жүргізіледі. Барлық мамандар дәрістер ,әңгімелер өткізеді және ашық есік күніне қатысады.

      2024 жылғы 7 ақпанда “Қостанай қаласының №2 емханасы” КМК-да онкопатологияны уақтылы диагностикалау және кейіннен сәтті емдеу үшін Ашық есік күні өткізілді, халық 405 кабинетте онкологтың тегін білікті кеңесін алды. Қатерлі ісікке дейінгі және қатерлі ісікке күдікпен анықталған науқастар қосымша тексеруге жіберілді.

      Емхана залында және кабинеттерде медицина қызметкерлері онкологиялық аурулардың алдын алу, скринингтік тексеруден үнемі өту қаншалықты маңызды екендігі туралы әңгімелесті. “Онкологиялық ауруларды ерте диагностикалау”тақырыбында брошюралар, буклеттер, парақшалар таратылды.
         

        2023 жылғы 5 қазанда ҚР Үкіметі онкологиялық аурулармен күресудің 2023-2027 жылдарға арналған Кешенді жоспарын қабылдағанын атап өткім келеді, оған сәйкес егде жастағы қыздарды кезең-кезеңімен енгізе отырып, 11 жастағы қыздарға арналған адам папилломавирусына қарсы вакцинациялау бағдарламасын енгізу жоспарлануда. HPV вакциналары әдетте қауіпсіз және елеулі жанама әсерлер тудырмайды. Олар 100-ден астам елде қолдануға рұқсат етілген. Жатыр мойны обырының дамуының себебі адам папилломавирусы екені бұрыннан белгілі. Бұл аурудың алдын алудың жалғыз тиімді әдісі-вакцинация. Біздің елде егу науқаны 2024 жылдың екінші жартыжылдығынан басталады


Жарияланды: 07.02.202420:01

Автор: