Адамның мүмкін болатыны: иммундау арқылы өмірді сақтау

     Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) атап өткендей, пандемия кезінде бүкіл әлемде жалған ақпараттың әсерінен вакцинадан бас тартудың артуы байқалды. 2019 және 2021 жылдар аралығында әлем бойынша 67 миллион бала жоспарлы екпелерді өткізіп алған.

     Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы екпеден бас тарту халық арасында қауіпті аурулардың, соның ішінде қызылша мен дифтерияның көбеюіне, соның салдарынан өлім-жітімнің артуына алып келетінін ескертеді.

      Иммундау жыл сайын миллиондаған адамның өмірін сақтайды. Бүгінгі таңда адамзатта 25 жұқпалы ауруды бақылайтын және алдын алатын вакциналар бар, бұл барлық жастағы адамдарға ұзақ, салауатты өмір сүруге мүмкіндік береді.

      #Ұрпақтықорғау #Иммунизация апталығы


Жарияланды: 25.04.202413:29

Автор: