11.07.2024 жылы балаларға арналған “Орленок” және “Шағала” балалар сауықтыру лагерінде Жастар денсаулық орталығының ұйымдастыруымен педиатр О.Е. Бейсембинамен “кене шағуының алдын алу және дене гигиенасы” тақырыбында семинар – тренинг өтті. Семинарға қатысушылардың бірлескен жұмысы жеке гигиенаның алдын алуға бағытталған . Семинар-тренингте балалар сұрақтар қойып, ойындарға белсенді қатысты.
