Дүниежүзілік астма мен аллергияға қарсы күрес күніне орайластырылған “дені сау ұлт” әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде “Қостанай қаласының №2 емханасы” КМК-да “ашық есік күнін”өткізді. Келесі іс-шаралар өткізілді: емхана, Instagram, Facebook сайтында “астма мен аллергияның алдын алу”туралы ақпарат орналастырылды. Емхананың медицина қызметкерлері халық арасында ақпараттандыру және білімді арттыру бойынша әңгімелесулер, дәрістер және басқа да профилактикалық іс-шаралар өткізді, осы тақырыптарға брошюралар таратылды.
Денсаулық сақтау мектептерінің кураторлары “бронх демікпесі мектебінде” пациенттермен сабақтар өткізді, сондай-ақ куратор аллерголог дәрігер М. Г. Әшімова теледидарда демікпе мен аллергияның алдын алу бойынша ақпаратпен сөз сөйледі.
Емхананың LED мониторларында “астма мен аллергияның алдын алу”тақырыбында бейнероликтер үнемі көрсетіліп тұрды.
“Қостанай қаласының №2 емханасына” бекітілген мектептерде әңгімелер, спорттық іс-шаралар, сынып сағаттары өткізілді, сондай-ақ денсаулық бұрыштары ресімделді.
