«Сарыбай электр желілері» филиалында денсаулық мәселелері бойынша дәріс пен профилактикалық акция өтті
2026 жылғы 8 шілдеде «Сарыбай электр желілері» филиалында №2 қалалық емхананың мамандары ұйымдастырған семинар өтті. Іс-шара барысында кең таралған аурулардың алдын алу және оларды ерте кезеңде анықтаудың өзекті мәселелері қарастырылды.
Мамандар қызметкерлерге артериялық гипертензия мен қант диабетінің пайда болу себептері, қауіп факторлары, белгілері және олардың алдын алу жолдары туралы ақпарат берді. Сонымен қатар психикалық денсаулықты сақтау мен күйзелістің алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушыларға салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтану, дене белсенділігін арттыру және профилактикалық медициналық тексерулерден тұрақты өтіп тұру жөнінде пайдалы кеңестер ұсынылды.
Дәрістен кейін қызметкерлер үшін профилактикалық акция ұйымдастырылды. Барлық ниет білдірушілер артериялық және көзішілік қысымын тегін өлшетіп, экспресс-әдіс арқылы қандағы қант пен холестерин деңгейін анықтауға мүмкіндік алды.
Өткізілген іс-шара қызметкерлердің аурулардың алдын алу, қауіп факторларын дер кезінде анықтау және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыруға бағытталды. Осындай профилактикалық акциялар қызметкерлердің денсаулығын нығайтуға және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
