11 ақпан күні кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор, полиция капитаны Ратова Сымбат Разманбекқызы және учаскелік полиция майоры Омаров Наби құқық қорғау органдары қызметкерлерімен бірлесіп, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында:
Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу
Заң талаптарын сақтау
Қоғамдық тәртіп ережелері
Әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік мәселелері түсіндірілді
Оқушыларға құқықтары мен міндеттері кеңінен баяндалып, заңды құрметтеу – әр азаматтың басты парызы екені айтылды.
Мұндай профилактикалық шаралар жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.

