Бүгін гимназия қабырғасында темекіге қарсы 7-сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты - жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, темекі шегудің зияны туралы түсіндіру және зиянды әдеттердің алдын алу болды.
Кездесу барысында оқушыларға темекінің адам ағзасына тигізетін кері әсері, оның денсаулыққа, әсіресе өсіп келе жатқан жас организмге қауіптілігі туралы кеңінен мәлімет берілді. Сонымен қатар, зиянды әдеттерден аулақ болу, дұрыс таңдау жасау және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәселелері талқыланды.
Оқушылар өз ойларын ортаға салып, сұрақтар қойып, белсенділік танытты. Танымдық бейнероликтер көрсетіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

