26.09.2024 жылы жастар денсаулық орталығының маманы уролог-андролог дәрігер С. С. Туткушев №4 ЖБМ 9-10 сынып оқушыларына “ЖЖБИ алдын алу және жасөспірімдер гигиенасы”тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Ақпаратты тарату, түсіндіру жұмыстары және кеңес беру арқылы жасөспірімдер ЖЖБИ белгілерін жақсырақ тануды және жиі көмек сұрауды үйрене алады. Сондай-ақ, жастар денсаулық орталығының психологы Г.Е. Сағымбаева “компьютерлік және ойынға тәуелділіктің алдын алу” тақырыбында әңгіме өткізді.