БР Дербес төлеушілер алдын ала 12 айға төлем жасап сақтандырыла алады

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Дербес төлеушілер МӘМС жүйесінде

алдын ала 12 айға төлем жасау арқылы сақтандырыла алады

2022 жылдың 4 шілдесінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар қабылданды. Сақтандыру мәртебесін алу үшін тек өткен 12 ай үшін емес, алдағы 12 айға да төлем жасауға болады. Яғни МӘМС-ке жарналар төлемеген адамдар сол өзгерістер бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті алу үшін екі тәсілдің біреуін таңдап, жарналар төлей алады. Бұл өзгеріс қол қойылған сәттен бастап 60 күннен кейін, яғни 2022 жылдың қыркүйегінде күшіне енеді.

Қазақстанда медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. МӘМС-ке төлем жасау барлығы үшін міндетті болып саналатынына қарамастан, елімізде шамамен 3,1 млн адам әлі күнге дейін сақтандырылмаған. Оның 3 миллионы – экономикалық белсенді халық,  яғни жұмысқа қабілетті азаматтар.

«Saqtandyrý» ақпараттық жүйесінде соңғы 12 ай ішіндегі деректерді талдау кезінде МӘМС жүйесіне қатысушының алдыңғы мәртебесі тұрғысынан сақтандырылмағандардың 69%-ы мүлде жарна төлемегені анықталды. Азаматтардың тағы 16%-ы – өз қызметін азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша атқаратын тұлғалар. Қазір жарналарды төлеуді тоқтатқан бұрынғы жалдамалы жұмысшылар 7%-ды құрайды. Дербес төлеушілердің үлесі – 4%. Қазір жарна төлемейтін және сақтандыру мәртебесін жоғалтқан жеке кәсіпкерлер мен бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлеушілердің саны 3%-ға тең. Бұл негізінен 38-40 жастағы адамдар. Олар бейресми жұмыс істейді және жарна төлемейді. Сондай-ақ жұмыспен қамту орталығына барып ресми тіркеле алатын жұмыссыздар да бар. Бұл жағдайда осы азаматтар жеңілдік санатына кіріп, олар үшін төлемдерді мемлекет аударады», – деп түсіндірді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қостанай облысы бойынша филиалының директоры Батырбек Нұрғалиев.

Қор жергілікті атқарушы органдармен, мемлекеттік кіріс басқармаларымен, «Атамекен» ҰКП және басқа да мүдделі мекемелермен бірлесіп сақтандырылмаған халықты МӘМС жүйесіне тарту бойынша кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Бұрын сақтандыру мәртебесін және МӘМС тізбесінен медициналық көмекті алу үшін пациенттің өткен 12 айға жарнасы төленген болуы және мәртебесін жоғалтпау үшін ай сайын жарналарды үзбей төлеуі міндеттелген еді.

«Тәжірибе көрсеткендей және өтініштерді талдау нәтижесінде жұмыс істемейтіндер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар өткен кезең үшін жарна төлеуге қызығушылық танытпайтыны анықталды. Сол себепті олар үшін МӘМС жүйесіне қатысудың баламалы нұсқасы әзірленді. Ол сақтандыру мәртебесін алу үшін алдын ала 12 айға төлем жасауға мүмкіндік береді. 2022 жылғы шілдеде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңына тиісті толықтырулар мен өзгерістер бекітілді. Ол қыркүйек айының басында күшіне енеді. Біздің ойымызша, бұл халықты медициналық сақтандыру жүйесіне көптеп тартуға ықпал етеді» – деді Батырбек Нұрғалиев.

Азаматтар алдын ала жарналарды төлеп, жыл бойы МӘМС тізбесіндегі медициналық көмекті алады. Сақтандырылмаған халықтың шамамен 30%-ы жаңа төлем түрін пайдаланады деп күтілуде. Сонымен қатар өткен берешегі жоқ дербес төлеушілердің МӘМС жарналарын ай сайын төлеу құқығы сақталады. Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы дербес төлеушілер ай сайын ең төменгі жалақы мөлшерінің 5%-ы көлемінде –  3 000 теңге жарна төлейді.

Егер медициналық көмек көрсету сапасына қатысты сұрақтарыңыз болса, сіз өз емханаңыздағы пациенттерді қолдау қызметіне жүгіне аласыз. Егер жағдайды сол жерде шешу мүмкін болмаса, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өзіңізге ыңғайлы байланыс арналары арқылы хабарласа аласыз: fms.kz  ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot .

Дәл осы құралдар сақтандыру мәртебесін тексеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеріп, ҚР электрондық үкіметі egov.kz сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Медициналық қызметтер туралы және МӘМС-ға аударылған сомалар туралы ақпарат» мемлекеттік қызметі арқылы жүргізілген төлемдер туралы біле аласыз.

  • admin

    Related Posts

    Рак желудка и печени

    Извините, этот техт доступен только в “Русский”.

    Прошла беседа в общеобразовательной школе №4 для школьников

    Извините, этот техт доступен только в “Русский”.

    Школа здоровья

    Школы здоровья

    • January 31, 2024
    • 248 views
    Школы здоровья

    Организация работы отделения профилактики и социально-психологической помощи

    • January 31, 2024
    • 386 views
    Организация работы отделения профилактики и социально-психологической помощи

    График занятий по Школам здоровья

    • January 31, 2024
    • 267 views
    График занятий по Школам здоровья

    Социально-психологическая помощь

    • July 16, 2021
    • 328 views
    Социально-психологическая помощь

    Скрининговые исследования

    • July 16, 2021
    • 360 views
    Скрининговые исследования