2024 жылдың 13 қарашасында біздің жастар денсаулық орталығының маманы, акушер-гинеколог дәрігер Тереқұлов С.А Костанай қаласындағы №1 мектеп-лицейде «Репродуктивті денсаулықты қорғау» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Дәрігер репродуктивті денсаулық туралы айтты. Қыздар мұқият тыңдап, сұрақтар қойды. Әйелдердің репродуктивті денсаулығы қыздың өмір салтына байланысты. Репродуктивті денсаулықтың негіздері балалық және жасөспірімдік кезеңде қаланады. Қазіргі заманғы әр адам өзінің репродуктивті денсаулығын қалай сақтау керектігін білуі тиіс.