Бос лауазымға орналасуға конкурс туралы хабарландыру

«Қостанай қаласының № 2 Емханасы» КМК кәсіпорын басшының бос лауазымына орналасуға конкурс туралы хабарландыру

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 149 – бабы 1-тармағының екіншібөлігінің 1-1) тармақшасына сәйкес «Қостанай қаласының № 2 Емханасы» КМК (бұдан әрі-кәсіпорын) жанындағы байқау кеңесі кәсіпорын басшының бос лауазымына орналасуға  конкурс жариялайды.

Конкурстың өтетін орны мен күні: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, М.Хакимжанова көшесі,   56 А-ғимарат,  2 қабат, конференц –зал, 2024 жылғы 01 тамыз.

Кәсіпорынның орналасқан жері: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, М.Хакимжанова көшесі,   56 А-ғимарат, телефон: 8-714-2-51-51-16, электрондық пошта мекен жайы pol2_kostanay@med.mail.kz    

Негізгі қызметтің қысқаша сипаттамасы: қызметтің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады. Қызметтің мақсаты  ҚР азаматтарының денсаулығын қорғауға конституциялық құқықтарын іске асыруды қамтамасызету және олардың сақталу кепілдіктерін қамтамасыз ету болып табылады. Қойылған мақсатты іске асыру үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады: ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде тіркелген халыққа консультациялық-диагностикалық, стационарды алмастыратын нысанда бастапқы медициналық-санитариялық көмек, Білікті, мамандандырылған көмек көрсету; ақылы медициналық қызметтер көрсету; диагностика, зертханалық диагностика; сараптамалық медициналық қызмет; фармацевтикалық қызмет және т.б.

Директордың негізгі лауазымдық міндеттері:

Денсаулық сақтау ұйымының өндірістік, қаржы шаруашылық  қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешімдерге, ұйым мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-аққаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауапты болады.

Ұйымның саясатын, стратегиясын және оны жүзеге асыру механизмін анықтайды. Көрсетілетін диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған персонал жұмысының жаңа ұйымдық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді.

Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өз ара іс-қимылын қамтамасыз етеді, олардың іс-қимылдарын көрсетілетін медициналық қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынысты тұлғалардан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жолбермеу жөнінде шаралар  қабылдауға дербес жауапты болады.

Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық атмосфераны қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды. Ұйымның қызметін талдау және оның жұмыс көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту үшін қажетті шараларды қабылдайды. Әлеуметті кәріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды, еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбек уәждемесін, бастамасы мен белсенділігін дамытуға ықпал етеді.

Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмысты үйлестіреді, адам денсаулығына қолайсыз әсер етудің басым факторларын айқындайды. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бойынша пәрменді шаралар қабылдайды.

Медициналық этика талаптарының, ұйым қызметіндегі, оның ішінде қаржы-шаруашылық басқару, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелеріндегі заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді.

Қызметкерлерді қабылдауды және жұмыстан шығаруды жүзеге асырады. Шарттар жасасады, жеке және заңды тұлғалар мен мәмілелер жасайды. Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады.

Мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта ұйымды білдіреді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібінің талаптарын, аспаптарды, жабдықтар мен механизмдерді техникалық пайдалануды, өртке қарсы қауіпсіздікті, еңбек қауіпсіздігі мен қорғауды, санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтауды қамтамасыз етеді. Ұйымның уақтылы есеп беруін қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

– «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, «Денсаулық сақтау менеджменті» («Қоғамдық денсаулық сақтау») мамандығы бойынша біліктілікті арттырудан(қайтадаярлаудан) сертификаттық курсынан өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілікті беру туралы куәлік (немесе сертификат);

– немесе «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, «Денсаулық сақтау»  немесе «Бизнес, басқару және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА(ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;

– не «Бизнес,басқару және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары білім және «Денсаулық сақтау»даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА(ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;

– Денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты;

– басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Білуі керек:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Халық денсаулығы және денсаулық  сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»Қазақстан Республикасының Кодексін, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасына», «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген); қазіргі заманғы басқару қызметінің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілері;  Денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздері; басқарудың экономикалық әдістері және ұйымның қызметін талдау; медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасы; денсаулық сақтаудағы адам ресурстарын басқарудағы үздік тәжірибелер; халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын Статистика, өлшемдер мен көрсеткіштер; отандық медицинаның заманауи ғылыми жетістіктері, денсаулық сақтауды басқарудағы үздік халық аралық тәжірибе; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі қағидалар мен нормалар; Төтеншежағдайларкезіндегіқызметтіұйымдастыру.

Конкурсқа қатысуға ниетбілдірген тұлғалардан құжаттарды қабылдаудың басталу және аяқталу күні: 2024 жылғы 17шілдеден бастап 31 шілдеге дейін.

Конкурсқа қатысу үшін келесі тұлғалар қабылданбайды:

1) он сегіз жасқа толмаған;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

3)Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1)конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

3) білім туралы құжаттардың көшірмелері;

4) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі, еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірме не жұмыс өтілін растайтын басқа құжат;

5) «денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының  2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 148139 болып тіркелген);

6) соттылығының жоқтығы туралы анықтама, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтер. Өз құзыретішегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органның ақпараттық жүйелері немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыст әжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.

Конкурсқа қатысуға ниетбілдірген адамдар құжаттарды электрондық пошта мекен жайына электрондық түрде ұсынады pol2_kostanay@med.mail.kz  . Құжаттардың түп нұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей ұсынылады.

  • Related Posts

    Прошла беседа в общеобразовательной школе №4 для школьников

    Извините, этот техт доступен только в “Русский”.

    Семинар-тренинг для студентов КИнЭУ имени М.Дулатова

    Извините, этот техт доступен только в “Русский”.

    Школа здоровья

    Школы здоровья

    • January 31, 2024
    • 242 views
    Школы здоровья

    Организация работы отделения профилактики и социально-психологической помощи

    • January 31, 2024
    • 377 views
    Организация работы отделения профилактики и социально-психологической помощи

    График занятий по Школам здоровья

    • January 31, 2024
    • 251 views
    График занятий по Школам здоровья

    Социально-психологическая помощь

    • July 16, 2021
    • 313 views
    Социально-психологическая помощь

    Скрининговые исследования

    • July 16, 2021
    • 329 views
    Скрининговые исследования