
14.11.2024 Ж. “Қостанай қаласының №2 емханасы” КМК-да Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні аясында “өзіңізді қант диабетінен қорғаңыз”ұранымен Ашық есік күні ұйымдастырылды. Мұнда әркім қан қысымын өлшей алады, қандағы қант деңгейін біледі, дене салмағының индексін біледі.
Сондай-ақ профилактикалық әңгімелер, консультациялар, тар мамандардың қабылдаулары өткізілді, барлық пациенттерге тақырыптық ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.