
Костанай құрылыс колледжінің студенттері үшін жатақхана аумағында 2024 жылдың 12 қарашасында жастар денсаулық орталығының мамандарымен кездесу ұйымдастырылды. Уролог Туткушев С.С жыныстық жолмен берілетін инфекциялар туралы айтты, сондай-ақ, ұлдардың жеке гигиенасы туралы әңгімелесті. Акушер-гинеколог Терекулов С.А қыздардың репродуктивті денсаулығы туралы баяндап, жасөспірімдік кезеңде денсаулықты сақтау маңызды екенін атап өтті. Психолог Маханбетова А.А психо-стресс кезіндегі төзімділікке арналған қызықты ойындар өткізді. Студенттер ойындар мен тренинг-тынығуларға белсене қатысты.