Дүниежүзілік емшек сүтімен емізу апталығына орайластырылған ұлттық бағдарлама тұжырымдамасын іске асыру мақсатында 3 тамызда “Қостанай қаласының № 2 емханасы” КМК-да ашық есік күні өткізілді. Келесі жұмыстар жүргізілді:
Емхананың ресми сайтында, әлеуметтік желілерде (Instagram, Facebook) емшек сүтімен емізуді ынталандыру мен қолдаудың Дүниежүзілік апталығына орайластырылған емшек сүтімен емізудің артықшылығы туралы ақпарат орналастырылған.
Емхананың LED-экрандарында емшек емізуді, СӨС насихаттау бойынша бейнероликтер көрсетілді.
Пациенттермен тақырыптық әңгімелер жүргізілді, ақпараттық-білім беру материалдары (брошюралар, парақшалар, буклеттер) таратылды.
“Дені сау бала мектебінде”, “жас ана мектебінде”емшек сүтімен емізу бойынша жеке консультациялар өткізілді
Сондай-ақ, емхана қызметкерлерімен “емшек сүтімен емізу”профилактикасы бойынша білімді нығайту бойынша профилактикалық іс-шаралар өткізілді.
Денсаулық бұрыштары емшек сүтімен емізудің артықшылығы туралы ақпаратпен безендірілді.

