05.08.2024 жылы балаларға арналған “Орленок” және “Шағала” балалар сауықтыру лагерінде педиатр О.Е. Бейсембинамен, терапевт Г. Д. Нұртазеновамен және психолог Г. Е. Сағынбаевамен Жастар денсаулық орталығының ұйымдастыруымен “дұрыс тамақтану және дене гигиенасы”, “балалардағы психо-стресс тұрақтылығының алдын алу” тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Балалар тамақтану бойынша сұрақтар қойып, психолог өткізген ойындарды белсенді ойнады. Азық-түліктің құрамы және олардың қасиеттері денсаулыққа, физикалық дамуға, еңбекке қабілеттілікке, эмоционалды күйге және жалпы өмір сапасы мен ұзақтығына тікелей әсер етеді. Гигиеналық нормативтер балалардың аурушаңдығын төмендетуге және үйлесімді дамуына бағытталған.
