22.07.2024 жылы балаларға арналған “Орленок” және “Шағала” балалар сауықтыру лагерінде Жастар денсаулық орталығы ұйымдастырған “балалар жарақатының алдын алу” тақырыбында педиатр О.Е. Бейсембинамен әңгіме өткізді.
Балалардың жарақаттануы әрқашан қоғамның өзекті мәселесі болды. Дүние жүзіндегі миллиондаған балалар жарақаттанудың салдарынан аурухана төсегінде немесе жедел жәрдем бөлмесінде болады, кейде өмір бойы мүгедек болып қалады. Баланың өмірі мен денсаулығы сіздің қолыңызда! Күнделікті балаға қарапайым қауіпсіздік ережелерін еске түсіре отырып, сіз оны ықтимал жарақаттардан сақтандырасыз.
